top of page

Tolegen Paris атының тарихы– мұрамыздан шабыт алу

Аты-жөнім — Нұржан Төлеген, Франция қазағымын, сүйегім албан, тегім Қытайдың Іле Қазақ облысынан, АҚШ, Франция, Қытай елдерінде есейіп ер жеттім. Менің өмір жолым — мәдениеттер, тілдер және дәстүрлер тоғысындағы саяхат.

Бірақ өзіме тән ерекшелігіме келер болсам, ол әрдайым өзіммен алып жүрген, көзге көрінбес мұрам, өмір бойы бармаған, бірақ жүрегімде сақталған ата-мекенім — Қазақстан.

WS_D4_5253 COPIE 2(sRVB).jpg

Ата-мекенге қайта оралу серті

Мен Қытайға қоныс аударған қазақтың шөбересімін. Арғы ата-әжелерім азаматтық соғыс жылдарында шетелге кетуге мәжбүр болған, ата-мекеннен алыстаса да қазақ рухын ұмытқан емес, бұл рух олардың әңгімелері, жырлары мен естеліктеріне сақталған еді. Бірақ  анамның ертегілерінде баяндалған кең қазақ даласына мен ешқашан қадам баспаған едім.

Ковид тарап әлем құлыпталғанда, журегімнен терең орын алған қазақ еліне баруға серт бердім. 2021 жылы, шекара ашылуымен арқама жүгімді артып, Алматыға аттандым.


Қасиетті жер, мәңгілік аян

Қазақстанда өткізген осы төрт апта ішінде жаңадан туғандай болдым. Жазғы күннің нұрында қар жамылған тауларға шығып, шексіз кең қазақ даласында көлеңкеммен жарыса шауып, қарағай мен жусанның жылы иісі, маңдайымды сипаған жайлау самалында біртүрлі таныс сезімге бөлендім, қазақ даласының ерекше қонақжайлық, тамаша шеберлік және шынайы жомарттық мәдениетінен тебірендім. Бірақ бәрінен бұрын, ата-бабамның жаңғырығын естігендей болдым.

Жергілікті тұрғындарға бұл «Қытайда туған Франция қазағы» қызық көрінді, бөгде ел басқа мәдениетте туып өссемде, бесігімнен естіген анамның жырлары қаныма сіңген. Бұл сапар, бойымдағы болмысымды қабылдауға, оны жүзеге асыруға және әлеммен бөлісуге деген терең құштарлығымды оятты.

Tolegen Paris серіктігінің жарыққа шығуы

Францияға оралған соң, осы жеке сапарымнан шабыттанып, люкс әтір (жоғары парфюмерия) үйі - Tolegen Paris қоғамын құрдым. Tolegen менің тегім, әрі XVIғ. қазақ жырында суреттелген ержүрек батырдың есімі. Әтірлер арқылы әртүрлі әңгіме мен хикая, асыл шикізаттің қазақтың дәстүрі мен француз шеберлігін қалай кездестіргені туралы айтқым келеді. Жусанмен жұпарландырылған әрбір хош иіс Сізді таудың таза ауасын жұтып, қазақ дәстүрі мен сағыныш көңілімді сезу үшін қазақ даласына шақырады. Tolegen Paris адам жанының тамыры, есі мен рухына арналған дастан.

 

Tolegen Paris екі әлем арасында

Tolegen Paris люкс әтір үйі ғана емес, ол Шығыс пен Батыстың дәнекері.  Қолөнер шеберлігі мен мәдениеттер көркемдігінің салтанаты. Туындылардың әрқайсысы мені өзгерткен саяхаттан бір әңгіме, бір сезім, бір үзінді.

Менімен бірге еркіндік, мұра және талғампаздықты жырлаған хош іис сапарына аттаныңыз.

bottom of page